Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
23
USD
449
+0.08
EUR
478
+1.11
RUB
4.76
-0.01

Елімізде лаңкестік актілер қайталануы мүмкін – саясаттанушы

Менiң ойымша, осы қауiп-қатердi мемлекет пен қоғам деңгейiнде дұрыс бағаламау жалпы ахуалға ықпал етiп отыр. 2011-2012 жылдардағы оқиғалардан кейiн барлығы жылдам басылып қалды. Болған оқиғалар радикализмнiң бiр реттiк көтерiлiстерi деп бағаланды. Өкiнiшке қарай, мемлекет пен қоғамға терроризммен ұзақ күреске дайындалу керек, – дейдi Ерлан Қарин.

Сарапшының айтуынша, кеше Алматыда болған және маусымның басында Ақтөбеде болған оқиғалардан кейiн осындай рецидивтердiң қайталану қаупi бар.

Естерiңiзге сала кетсек, кеше Алматыда белгісіз біреу адамдарға оқ жаудырды. Куәгерлердің айтуынша, Абай және Байзақов көшелері қиылысындағы Алматы қаласы Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті ғимаратына жақын маңда қарулы ер кісі адамдарға оқ жаудырған. Қаза тапқандар мен жараланғандар бар.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз