Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
8
USD
427
0.00
EUR
497
0.00
RUB
5.5
0.00

Елімізде алғаш рет жұмысы үздік баспасөз қызметі марапатталды

Бұл туралы 24kz хабарлайды.

Ал «Кәсіби мойындау» арнайы номинациясын ҚР Бас прокуратурасының баспасөз хатшысы Ернұр Уәли жеңіп алды.

Квази-мемлекеттік компаниялар арасында EXPO-2017 Ұлттық компаниясының салалық қызметі үздік деп танылды.

Жергілікті биліктің арасынан оқ бойы озық көрінген Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі болды. Бұған қоса баспасөз хатшыларының мағлұмат таратудағы шапшаңдығы сараланып, әріптестерінің арасында Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз хатшысы Руслан Иманқұлов топ жарды.

Атаулы шарада Алматы қаласы Ішкі істер департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек «Үздік жергілікті атқарушы органның баспасөз қызметі» аталымының лауреаты атанды.

Байқауды Ақпарат және коммуникациялар министрлігі ұйымдастырды.

Бибігүл Жексенбай, Бас редакторлар клубының президенті:

– Бұл жерде барлығы электронды түрде өтті. Ешқандай әділқазылар анықтаған жоқ. Бұл жерде халық, яғни журналистер қалай дауыс берді – сондай деңгейде баспасөз қызметінің жұмысы бағаланды. Біздің БАҚ-та құқық қорғау саласына көбірек материал жазылатыны байқалды. Менің ойымша, мұндай байқау қажет, өйткені баспасөз қызметінің жұмысын оперативті және кәсіби деңгейін жоғарылатады деген ойдамыз.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз