Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
13
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Джон Керри Орта Азия сыртқы істер министрлерімен кездеседі

Осы кездесуде “C5+1” форматының былтыр қарашада Өзбекстанның Самарқанд қаласында өткен алғашқы кездесуінде қаралған жобалар тағы да пысықталады. АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Дэниель Розенблюмнің айтуынша, “С5+1” тобының мақсаты – осы мемлекеттер алдындағы қауіп-қатерлерге қарсы бірлескен шара қабылдау.

АҚШ басшылығы қауіпсіздік мәселелесінде Орталық Азия елдерімен әріптестікті нығайтқысы келетіндігін жасырмайды және бұл елдердің үкіметтеріне Ауғанстан шекарасынан төнген – Талибан, ИГИЛ, есірткі тасымалы, терроризм және экстремизм қауіптеріне қарсы күресте көмек көлемін ұлғайтуға әзір.

Биыл шілдеде АҚШ конгресінің Сыртқы байланыстар жөніндегі комитетінің отырысында сөйлеген Даниэль Розенблюм билікті осы елдерге көмек көлемін ұлғайтуға шақырды. Оның айтуынша, АҚШ Орталық Азияда ұлттық қауіпсіздіктің екі мақсатын көздейді – кеңестік елдердің мемлекеттілігіне қолдау көрсету және сыртқы күштердің ықпалдарына түспейтін мықты егеменді мемлекеттер қалыптастыру.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз