Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Судьяға керек болған…”. “Астана Арланс” боксшысы неге жеңілді?

Сарапшылар болса аса ауыр салмақтағы Нұрсұлтан Аманжолов пен Гигабутдин Алиевтің жекпе-жегіне назар аударып отыр. Бұл кездесуді тіпті Левит пен Тищенконың финалдық жекпе-жегіне балап жатқандар бар. Бірінші раундта қазақстандық нокдаунға түсіп қалған, кейін ол қарсыласын канвас жастандырды. Мамандардың айтуынша, кейбір эпизодтарда Алиев нокаутта болған, алайда рефери ресейлік боксшыға қалпына келуге мүмкіндік жасап, жеңілісін тіркемеген. Қорытындысында төрешілер жеңісті Алиевке берген – (46:46, 49:45, 47:47). Қазылардың бұл шешіміне тіпті ресейлік комментаторлар Борис Скрипко мен Роман Гришиндер күліп, таң қалған.

“Мынау енді шектен шыққандық, жігіттер! Таза нокаут болды, боксшымызды тұрғызып әлек болды, сосын барып есепті ашты, – дейді Скрипко. – Бұл енді әуесқой бокс, достар”. Оның әріптесі Гришин ринг-анонсердің жеңісті қызыл бұрышқа берген кезінде былай дейді: “Таңғаларлық жағдай! Таңғаларлық есеп қой бұл. Екі картадан тең деген есепті естідім”. Ал қазақстандық рефери Серікжан Ешмағамбетов бұл даулы жекпе-жекке қатысты былай деп пікір білдірді: “Екі жақ шеткі төрешілер, А мен С, дұрыс есептемей отырды. Үшінші судья, В, ол оларға қарағанда дұрысырақ есеп берді. Соған қарағанда, олардың “бөтен бір” ойы болған. Түсініксіз. Сосын рефери рингте тұрып қателесті. Ол нокаутты тіркеуі керек еді, бірақ қате жасады… Бұл өрескел қателік”, – деп мәлімдеді ол.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз