Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
4
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Бүгін бас муфти Ақтөбе облысына барды

Діни басқарманың баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл  жиынға «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед пен облыс басшысы Бердібек Сапарбаев та қатысты.

Шара барысында сөз алған Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы халықты сабырға шақыра келе, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ақтөбе өңірінде орын алған лаңкестік әрекетті айыптайтындығын жеткізді.

– Пайғамбарымыз Мәдина қаласына қоныс аударған кезде мәдиналық еврей халқымен ортақ келісіммен өмір сүрді. Сондай-ақ, қасиетті Құранда нақақтан нақақ бір адамды өлтірген адам мәңгілік тозақта қалады делінген. Ал, осындай мұсылмандық ұстанымдарды аяққа таптап, ел ішінде бүлік салушылардың әрекеті нағыз қылмыс. Өйткені, Ислам діні адамдарды бейбітшілікке, төзімділікке, мейірімділікке үндейді. Осы тұста имамдар теріс ағымның алдын алу мақсатында жүйелі іс-шараларды жүргізуі қажет, – деді Ержан қажы Малғажыұлы.

Сондай-ақ, Бас мүфти облыстағы бас имамдармен аймақтағы діни ахуалды талқылап, бірқатар тапсырмалар берді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз