Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Арли Чонтей жүлдесіз қалды

Сонымен ауыр атлетикадан ерлер арасында өткен жарыста Пекин Олимпиадасының чемпионы, қытайлық Лон Цзинхуан (307 келі) бірінші орынға ие болды. Екінші орынды Лондон Олимпиадасының жеңімпазы солтүстіккореялық Ом Юн Чхоль (303 келі), үшінші орынды тайландтық Синфет Круаитонг (289 келі ) алды.

Айта кетейік, кеше 48 келіде өнер көрсететін Елисеева қос жаттығудың қорытындысы бойынша 186 келіні көтеріп, жүлделі орынға іліге алмаған болатын. Ол жалпы командалық есепте бесінші орынға тұрақтады.

Рио Олимпиадасына 28 спорт түрінен 206 мемлекет пен босқындар командаларынан 10 мыңнан астам спортшы қатысады. Байрақты бәсекеде 306 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

XХXI жазғы Олимпиада Рио-де-Жанейро қаласында 5-21 тамыз аралығында өтеді.Төрт жылдықтың басты додасында еліміздің намысын 26 спорт түрінен 104 спортшы қорғайды.

Ойындарды отандық үш телеарна көрсетеді: «Kazsport», «Хабар» және «Қазақстан».

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз