Cықақшы, пародист Аманғали Сыпабеков үйленді.
Аманғалидың әріптесі әрі досы Қанат Әлжаппаров Инстаграм-дағы жеке парақшасында тойдағы суреттер мен фотомен бөлісті.
Аманғалидың жарының есімі Марал екен. Той Тараз қаласында өткен.
«Әзіл әлеміне келін түсіп жатыр. Марал, қош келдің біздің ортаға!», – деп жазды Инстаграмға театрдың әртісі Қанат Әлжаппаров. Өз кезегінде Қайрат Әділгерей де: «Аманғали-Марал, бақытты болыңдар!», – деп құттықтады.