Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
16
USD
463
+0.83
EUR
537
+1.75
RUB
5.43
-0.02

Екібастұзда синтетикалық есірткі өндіретін зертхана анықталды

Күдіктілердің әрекеттерін «Signal» мессенджеріндегі куратор үйлестіріп отырғаны анықталды. Ол есірткі өндірудің бүкіл циклін бақылап, оларға прекурсорлар салынған жасырын орындарды қалдырып отырған.

Есірткі өндірісін ұйымдастыру фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 297-1-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Енді ұйымдастырушыларға тіпті өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін қатаң жазалау шарасы тағайындалуы мүмкін.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Прекурсорларды жеткізу арналарын, сондай-ақ есірткі бизнесін ұйымдастыруға қатысы бар өзге де тұлғаларды анықтау бойынша одан әрі іс-шаралар жүргізілуде.

Ішкі істер министрлігі Қазақстанда есірткі өндірісін жолға қоюға бағытталған кез келген әрекет қатаң әрі ымырасыз түрде тоқтатылатынын ескертеді. Полиция барлық азаматты «Заң мен тәртіп» сақтауға шақырады.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз