Қазақстанның басым аумағында найзағай ойнап, дауыл тұрып, жауын-шашынды болады, кей жерлерде тұман түсіп, бұршақ жаууы мүмкін.
Қазгидрометтің хабарлауынша, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды, түнде Алматы облыстарының бірқатар аумағында желдің екпіні 15-22 м/с-қа дейін күшейеді. Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында да қатты жел соғады.
Павлодар облысында кей жерлерде бұршақ түседі. Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының бірқатар ауданын тұман басады.
Маңғыстау, Қарағанды облыстарындағы аптап ыстық сақталады.
Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, Жамбыл, Алматы, Қарағанды, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі бар.