Экстремизмнің әскер қатарына «кіруіне» жол бермеу үшін Ақтөбеде әскери қызметкерлерге «Зов шакалов», «Фильм о том, как вербуют» атты деректі фильмдердің мазмұнын дін қызметкерлері түсіндіріп берді.
Ақтөбе облыстық «Әскери қорғаныс күштері» институты мекемесінде «Экстремизмнің әскер қатарына «кіруіне» жол бермеу» тақырыбында кездесу өткенін «Аңсар» ақпараттық талдау орталығына сілтеме жасап, aktobenews.kz хабарлайды.
Іс-шара барысында «Зов шакалов», «Фильм о том как вербуют» атты деректіфильмдер көрсетіліп, мазмұны талқыланды. Қойылған сауалдарға нақты жауаптар берілді. Кездесуге 200-ден астам тыңдаушы қатысқан.