Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
17
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Әуе қорғаныс күштерінің бірнеше әскери бөлімдерді тексеруден өтті

255

Бұл туралы ақпарат ҚР Қорғаныс министрлігі ресми сайтында жарияланды.

Бір уақыттағы кешенді тексеріс Әуе қорғаныс күштерінің бірнеше әскери бөлімдерінде жүргізілді.

“Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы авиация генерал-лейтенанты Нұрлан Орманбетовтің басшылық етуімен жұмыс жасаған комиссия бригаданың қолбасшылығы мен лауазымды адамдарын және жекелеген радиолокациялық роталардың командирлерін тыңдады, ӘҚК-нің бөлімдерін тыныс-тіршілік үшін қажетті материалдармен қамтамасыз етілу проблемалары бойынша әңгіме жүргізді”, делінген хабарламада.

Жауынгерлік әзірлікті, қару-жарақ пен әскери техниканың жай-күйін, оқу-материалдық базаны және жеке құрамның жасақталуын тексерді. Бұл ретте ерекше назар әскерлер қызметіне, бригаданың зениттік-зымыран дивизиондары мен радиолокациялық бөлімшелердің жауынгерлік кезекшілігінің ұйымдастырылуы мен атқарылуына аударылды.

Сонымен қатар, комиссиямен жеке құрамның құқықтық тәртібін, моральдық-психологиялық жағдайы мен әскери тәртіптілігін ұстап тұру жөнінде командирлердің тәрбие жұмысы мен қызметіне баға берілді.

Сапар барысында авиация генерал-лейтенанты Нұрлан Орманбетов Ақтөбе қаласындағы Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институтына барып, курсанттармен әңгіме өткізді.

Тексеру аяқталғаннан кейін ұсынымдар мен нұсқаулар берілді. Әскери бөлімдер мен бөлімшелердің командирлеріне қажетті көмек көрсетілді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз