Риодағы Паралимпиада кестесі қаржы тапшылығынан қысқартылуы мүмкін

72 просмотров

Бразилия үкіметі Риодағы ойындарды өткізу үшін бюджетте 250 млн реал (шамамен 80 млн доллар) жетіспейтінін ресми түрде жариялады, ал билеттер болса өтпей жатыр. Демеушілер көмектесуге асығар емес.

7-18 қыркүйек аралығында Риода өтетін Паралимпиала ойындарының бағдарламасы қаржы тапшылығына байланысты қысқаруы мүмкін, деп жазды Wall Street Journal. Бірақ спорттың нақты қай түрлері қысқаратыны әзірге белгісіз.

Халықаралық паралимпиада комитетінің баспасөз хатшысы Крейг Спенстің айтуынша, Риодағы ойындарды ұйымдастырушылар Олимпиада және Паралимпиада ойындарына қажетті 7,4 млрд реалды (2.3 млрд доллар) жинай алмаған. Бұл қаржыға ойындардың ашылу және жабылу салтанаты ғана емес, спортшылардың өмір сүруі де қаржыландырылады.

Бұған қоса, ойындарды ұйымдастыру комитеті әлем елдеріне паралимпиада командаларын Риоға әкелуге қажетті қаржатты әлі бөлмеген. Кейбір шағын елдер спортшыларын өз қаражатымен әкеле алмай қалуы мүмкін.

Соған байланысты ұйымдастырушылар Паралимпиада жарыстарын және спортшылар санын қысқартуды ойластырып жатыр. Паралимпиадаға әлемнің 176 елінен 4 мыңнан астам спортшы қатысады деп жоспарланған еді.

Загрузка...