Елімізде енді шыққанына 15 жылдан асқан көліктерге такси қызметін атқаруға шектеу қойылмақ.
Қазақстанда такси қызметін жүйелеу мақсатында жаңа заң жобасы әзірленді. Құжатқа сәйкес енді жүргізушілер шыққанына 15 жылдан асқан көлікпен жолаушы тасымалдай алмауы мүмкін. Тіпті, осы кәсіппен нәпақа тапқыңыз келсе машинаңыздың жүріп өткен қашықтығы 500 шақырымнан аспауы тиіс. Жаңашылдық мемлекеттік стандарт жобасы аясында жүзеге асырылған.
Заң жобасы қоғамдық талқылауға шығарылды. Бұл – әлемдік тәжірибе. Мәселен Еуропада такси жүргізушілері арнайы киім үлгісін киеді. Әрі жүріп өткен шақырымыңыз бен уақытыңыз есептеліп, жолаушы соған сай ақы төлейді.