Сарапшылар жылжымайтын мүлік бағасы өседі деп болжап отыр.
Су тасқынына байланысты үй мен пәтер жалдау бағасы қымбаттауы мүмкін. Қолданбалы экономиканы зерттеу орталығы осындай пікірде. Наурызда жаңадан салынған үйлердегі бір шаршы метр құны 0,4%-ға төмендеген, алайда жылдық мәнде өсім сақталды.
Ал мамандар баспана бағасы қымбаттай беретінін алға тартады. Оған себеп болған маңызды факторлардың бірі – су тасқыны. Бірақ төтенше жағдай енгізілген Қостанай облысында және басқа да бірқатар облыстарда жылжымайтын мүлік нарығында баға тұрақты.
«Үй бағасы өспейді, қазірдің өзінде баға тұрақты. Мәселен, дерекқорымызда қолжетімді және сұранысқа ие нысандар бар. Зақымданған үйлер де жоқ емес, бірақ мемлекет оны қалыпқа келтіріп жатыр», – дейді жылжымайтын мүлік агенттігінің сату бөлімінің басшысы Талғат Бектемір.
Жылжымайтын мүлік нарығының сарапшылары бағаның өсуі су тасқынынан зардап шеккен аймақтарда ғана тіркелетінін айтты. Онда да бұл болжам тек жалдамалы баспаналарға қатысты екенін атады.