Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
-11
USD
496
-2.06
EUR
523
-2.87
RUB
4.94
-0.03

Трансгендер мешітте есімін ауыстырып алды. Мұны қалай түсінеміз?

122

Наиль Тұрғанов бұл әрекетті жеңілтек хайп үшін ғана жасаған жоқ. Ол ислам дінінің де ЛГБТ қауымдастығына оң көзбен қарайтынын көрсеткісі келді. Өзінің әлеуметтік желіде жазған постында Ника өзінің бұған дейінгі «Наиль» есімін мұсылман дәстүрі бойынша марқұм әкесі азан шақырып қойғанын айтты.

“Әлхамдулилла, мен енді мұсылманмын. Дінімізде екі атпен жүруге болмайды. Атам азан шақырып, атымды Наиль деп қойды. Араб тілінен аударғанда бұл есім «жетістікке жету», «мақсатқа жету», «сыйға лайық», «пайда» деген мағынаны білдіреді. Қазір мені барлығы «Ника» деп атайды. Ника – грек тілінен аударғанда «жеңіс» дегенді білдіреді. Сондай-ақ ежелгі Грекиядағы жеңіс құдайының аты. Мен өткерген жолымды жеңістің бір түрі деп білемін. Анам екеуіміз мешітке барып, есімімді өзгертуді жөн көрдік. Енді бұдан былай мен Никамын. Түсінемін, мен ауыр күнә жасадым. Бірақ егер шын ниетіммен кешірім сұрасам Алла мені кешіреді деп үміттенемін. Анам Алланың мейірімді екенін, егер шын көңілмен рақым етуін сұрасам кешіретінін айтты» деп жазды блогер.

Әрине, мұның бәрі трансгендер-блогердің жан-дүниесінің толғанысы емес, олай болса ол өзінің жынысы мен есімін ауыстыруды видеоға түсіріп, өзінің жеке мәселесіне исламды, мешітті, имамды араластырмас еді. Дәл осындай қылықты ЛГБТ қауымдастығының өкілдері Түркістан қаласындағы Ахмет Ясауи кесенесінің алдында өздерін кемпірқосақ тәрізді туын желбіретіп түсіріп, сол видеоны әлеуметтік желіге таратқан. Кейбір жұрт ЛГБТ мәселесін адамдардың жеке ісі деп қарайды. Ал олар өздерінің өмір салтын жарнамалап, оны жалпы халыққа, мұсылман қауымға таңғысы келеді. Сондықтан мұндай оспадар әрекеттің жолын кесіп, ЛГБТ ұйымдары мен өкілдеріне тыйым салу қажет. Әйтпесе, мұндай әрекет қағамда түрлі арандату мен алауыздық туғызуы мүмкін.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз