Тергеушілердің мәліметінше, 31 жастағы ер адам есірткі пайдаланып, сақтаған.
Алматы халықаралық әуежайында ішкі рейстерді жөнелту аймағында есірткіге мас болған Air Astana әуекомпаниясының екінші ұшқышы ұсталды. Қазір полиция сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Ал қызметкердің өзі жұмыстан шеттетілген.
«Бұл қызметкер жұмыстан шеттетілді. Авиакомпания қызметкерлердің алкогольді немесе есірткіні пайдалануына қарсы. Себебі, ұшу кезіндегі қауіпсіздік – бірінші орында. Авиакомпанияда экипаждардың қанында алкоголь немесе есірткі заттарының болуына тұрақты негізде тестілеу жүргізіледі», – деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.