21 жастағы қыз тұрмысқа шыққаннан кейін 1,5 айдан соң қашып кетіп отырған.
«Көреміз» бағдарламасына келген келіннің экс-енелері шындықты жайып салды. Жиен келініне алданған Райхан Жұманова бұған дейін төрт рет беті ашылғанын білмегенін, қалың малға 1 млн теңге бергенін айтады.
Қызылордалық Ғазиза Мәмбетова да осы келінге алданып, 5-6 млн теңгеге той жасап, қалың малына 1 млн теңге берген екен. Сөйтсе бірінші рет өзбекке, екінші рет тағы бір қазақ жігітіне тұрмысқа шығыпты.
Ал Әселдің анасы бағдарлама ұжымына оқиғаның рас екенін айтқан.
«17 жасында алып қашып кетті, одан қайтып келді. Одан кейін Темір деген жерге алдап алды. 16 жас үлкен жігітке шықты, 2 күннен көп тұрды. Өзім таңдағаныммен, ауылдық жерде тұра алмадым. «Кетем» дегесін алып кеттім.
Келінтөбедегі танысыма тұрмысқа бердім. Бірақ ұнатпады, қайтып келді. Осы жазда Жетісайға қашып кетті. «Жақсы көремін» деді. Сосын жаңағы бұрынғылар өткенін айтып, ажырастырды. Содан қайтып келді», – деді анасы.