Мұны Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы» заңға қол қойды. Бұл заң жобасын сенат депутаттары 2024 жылдың 11 сәуірінде мақұлдап, президенттің қол қоюына жіберген болатын. Заң Қазақстанда педофилдердің, әйелі мен баласын ұратындардың жазасын қатайтады.