Ninety one “91” тобына бәсекелес “99” тобы “пайда болды” (видео)

365 просмотров

Қазақ эстрадасында тағы бір топ пайда болды. «Хабар» арнасы атышулы  Ninety one тобының бәсекелесі болады деген Ninety nine (99) тобының тұсауын кесті. 

Әрине, бұл әзіл түрінде құрылған топ. «Хабар» телеарнасының Қызық Times бағдарламасына 91 тобының жігіттері қонаққа келді. Міне, осы бағдарлама барысында жүргізушілер Ninety one тобының әншілеріне өздерінің бәсекелестерін таныстырған екен.

bezymyannyj

Сахнаға көтерілген төрт жігіт өздерін 99 тобымыз деп таныстырып, Ninety one тобына пародия жасап шықты.

Ал Ninety one тобының Ақтөбедегі ән-кеші өтпейтіні белгілі болды. Топ продюсерінің айтуынша қаладағы “Қоныс” спорт сарайының өкілдерімен арадағы келіссөз ойдағыдай нәтиже бермеген. Топтың осымен аймақтарға өткізгелі отырған екінші концерті ұйымдастырылмай қалды. Бұған дейін  Ninety one-ның Шымкенттегі концерті де өтпей қалған болатын.

Загрузка...