Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бір олимпиадалық жолдамамен толықты.
Ислам Сәтбаев Бакуде өткен әлем чемпионатында пневматикалық винтовкамен (10 метр) нысана көздеуден төртінші орын алып, Қазақстан рекордын да орнатты. Финалда 632,7 ұпай жинап, аталған бағдарлама бойынша еліміздің ең үздік нәтижесін тіркеді. Қазіргі таңда ол өзінің тұңғыш Олимпиадасына қатысуға дайындалып жатыр.
«Олимпиадаға алғаш рет қатысқалы отырмын. Өте қуаныштымын. Бүгінде жазғы ойындарға жақсы дайындықпен бару үшін қолдан келгеннің бәрін істеп жатырмыз. 2012 жылы нысана көздеуге бет бұрдым. Бұл спортқа сыныптасым алып келді. Алда Олимпиада ойындары күтіп тұр. Елімізді осындай ірі жарыста танытатыныма қуаныштымын», – деді Ислам.