ІІІ халықаралық «Қауіпсіздік мектебі» жарысы ұйымдастырылды

34 просмотров

Шілденің 22-нен 30-ы аралығында Ленинград облысында «Зеркальный» Загородный балалар-жасөспірімдер шығармашылығы орталығы базасында ІІІ халықаралық «Қауіпсіздік мектебі» жарыстары болып өтті.

Халықаралық жарыстарға Әзірбайжан Республикасы, Белорусь Республикасы, Болгария Республикасы, қазақстан Республикасы, Серб Республикасы, Польша Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясының құрама командасы мен Санкт-Петербург және Ленинград облысының командалары қатысты.

«Қауіпсіздік мектебі» халықаралық жарыстарын Ресей Федерациясы білім және ғылым министрлігі, «Российский союз спасателей», жалпыресейлік қоғамдық ұйым, «Всероссийское добровольное пожарное общество» жалпыресейлік қоғамдық ұйымы, «Школа безопасности» жалпыресейлік балалар-жасөспірімдер қоғамдық қозғалысы, Ленинград облысы әкімшілігі мен жергілікті өзін өзі басқару органдарының қолдауымен Ресей Федерациясы ТЖ министрлігі өткізеді.

Жарыс бағдарламасында «Өрт эстафетасы», «Кросс-эстафета», «Кедергілер жолақтары», «Іздестіру-құтқару жұмыстары», «Аман қалу бағдары», шығармашылық сайысы сияқты кезеңдер болды. Оған қоса жарыс бағдарламасы экскурсияларды қарастырған. Балалар Эрмитаж, Питергоффқа барып, қаланың тарихи жерлерімен танысты.

Ашылу салтанатында Санкт-Петербург губернаторы, Санкт-Петербург заңнама жиналысының төрағасы, «Қауіпсіздік мектебі» қозғалысының төрағасы, Ресей ТЖМ басшылығы сәттілік тілеп сөз сөйледі.

Бір апта бойы командалар арасында теке-тірес күрес жүрді. Нәтижесінде, «Аман қалу бағдары» соңғы кезеңі жеңімпаздарды анықтап берді. Ресейдің жас құтқарушылары жалпыкомандалық есепте жеңіске жетті. Күмісті Белорусь Республикасы қанжығаға байласа, қоланы Әзірбайжан Республикасының құтқарушылары иеленді. Қазақстан командасы 4 жалпыкомандалық орынды иеленіп, «Жеңіске деген құштарлық» дипломымен марапатталды. «Елі мен команданы таныстыру» шығармашылық сайысында төрешілер бірауыздан Қазақстан командасына максималды жоғары ұпайларды берді.

Жабылу салтанаты кезінде балалар Ресей ТЖМ министрі Валдимир Пучковтың қолынан кубоктар, сертификаттар, дипломдар мен естелік сыйлықтар алды.

IMG_3319

Загрузка...