Диктаторды пайғамбарға айналдыруға бола ма?

118 просмотров

«Бейбітшілік пен ұлт бірлігінің негізін қалаушы — Ұлт лидері туралы» жаңа конституциялық заңға сәйкес, Эмомали Рахмон тәуелсіз Тәжікстанның негізін қалаушы болып жарияланды.

Жаңа заңға сәйкес, «ұлт лидеріне» арнайы орын бөлінді, мұнда қажетті құрал-жабдықтармен, техникамен, коммуникациялық заттармен, көлік және байланыс құралдарымен қамтамасыз етіледі. Оған арналған қор құрылады.

Парламенттің төменгі палатасының төрт депутаты дайындап шыққан жаңа заң кіріспеден және 19 баптан тұрады. Өткен жылы желтоқсанда қабылданған «Ұлт лидері туралы» заңның күші жойылады.

Тәжікстан парламентінің төменгі палатасы жаңа заңды 26 қазанда қабылдады. Палата төрағасы Шукуржон Зухуровтың мәлімдеуінше, заң жеке бір азаматқа емес, президентке арналады.

20f655bf-379c-4265-a312-6060ee82bb51_w987_r1_s

Загрузка...