Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады

16 просмотров

14-маусымда Қазақстан аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді. Күндіз шығыста бұршақ жаууы мүмкін. Республиканың қалған аумақтарында ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Қазгидрометтің хабарлауынша, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, жел екпіні 15-20 м/с-қа күшейеді.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысында бұршақ жаууы ықтимал.

Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде аптап ыстық болады.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Загрузка...