Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
14
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Жоқшылық-ай. Отын-суға ақша таппаған қария үй ішінен жертөле қазып жатыр

Қара суықта қатып қалмаудың қамына кіріскен қария бір аптадан бері үй ішінен жертөле қазып жатыр. Өйткені Серікбай Ахметовтың қыста жағатын отыны жоқ. Жалғызбасты ақсақал алатын зейнетақым азық-түліктен артылмайды дейді. Сондықтан екінші топтағы мүгедек үскірік аязда жер астына тығылып жан сақтамақшы.

Серікбай Ахметов, Жосалы кентінің тұрғыны:

-Жағатын ештеңем жоқ. Жердің астына кіріп  жылы жерде, жердің астында өмір сүремін. Не істеймін енді?

Қазір қария жертөленің жартысын қазып қойыпты. Алайда қыста жылы жату үшін әлі де тереңдету керек дейді.

Серікбай Ахметов, Жосалы кентінің тұрғыны: 

-Екі метр қазам. Бойым 1,68см. Сосын астына жаман көрпелерім бар соны төсеп, үстіме жаман көрпелерді жамылып жатамын.

Туған-туысы да бала-шағасы да жоқ қария, тек көршілерімен араласады екен. Олар да Серікбай Ахметовтың бұл қадамға амалсыздан барып отырғанын айтады.

Рахима Орақова, Жосалы кентінің тұрғыны

-Анда-санда келіп кетеді. Мына үйден су алып кетеді. Ешқандай жамандығын көрген жоқпыз .

Жер астынан жылылық іздеген ақсақал атқамінерлердің де алдына талай барған екен. Алайда ешкім көмек қолын созбапты. Сондықтан былтырғы қыста үйінің едендерін отқа жағып аман шыққан.

9

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз