Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
11
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Жермен айналысатындардың аты-жөні туралы мәлімет ашық болуы керек – Мұхтар Тайжан

Ол өз сөзінде комиссия мүшелерінің шешімдерінде ортақ келісімге келмеген мәселелердің де бар екендігін айта келе:

– Ең бірінші – кадастр. Бізде қазір электронды кадастр бар. Бірақ, онда жер иелерінің аты-жөндері көрсетілмеген. Менің ұсынысым, жер халықтікі болғаннан кейін онымен кім айналысатындығы жайындағы ақпараттар ашық болуы тиіс. Қазір бұл мәліметтер жабық. Себебі, «Жеке мәліметтер туралы» Заң бар. Сол Заңды өзгертейік, – деді ол.

Сонымен қатар ол шетелдіктерге жер сатылмайды деп айтылғанымен, заңда оны айналып өтетін томпақ тұстар сол күйі қалып отырғандығын баса айтты.

– Қазақстанға келген шетелдік азамат фирма ашып, 49 пайызын өзі, 51 пайызын ел азаматына береді де жермен айналыса алады. Меніңше, біз мұндай құйтырқыға жол бермеуіміз қажет. Егер жерді шетелдіктерге сатпаймыз десек, онда заңға өзгертулер енгізейік. Бізде дәл осы мәселеге байланысты ортақ шешім жоқ, – деп атап өтті Мұхтар Тайжан.

Бүгін Астанада Жер реформасы жөнiндегi комиссияның жетiншi отырысы өтiп жатыр. Бұған дейiн комиссияның елордада үш, Ақмола, Алматы және Қызылорда облыстарында үш көшпелi отырыс өткен едi. Бүгiн комиссия мүшелерi маңызды мәселелердi талқылап алып, келесi аптадан тағы өңiрлерге шығады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз