Нұр-Сұлтан
Қазір
18
Ертең
17
USD
480
-1.46
EUR
547
-1.86
RUB
6.13
-0.01

Жаңа Конституция: азаматтардың құқықтарын қорғау мен экономиканы дамытудың заманауи құқықтық тетіктері

Маңызды жаңашылдықтардың бірі – адвокатура институтының конституциялық деңгейде бекітілуі. Енді Конституцияда адвокатура әрбір адамның білікті заң көмегін алуға және өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға деген құқығын іске асыруға жәрдемдесетіні тікелей айқындалған. Бұл құқықтық көмектің қолжетімділігін арттыруға және қоғамның сот пен құқықтық жүйеге деген сенімін нығайтуға ықпал етеді.

Тағы бір маңызды шешім – зияткерлік меншік құқықтарын конституциялық деңгейде тікелей қорғаудың бекітілуі. Бұл шығармашылық және ғылыми қызмет нәтижелерінің білім экономикасын, креативті индустрияларды және инновациялық секторды дамытудағы маңызды құқықтық әрі экономикалық құндылық екенін айқындайды, сондай-ақ Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттыруға ықпал етеді.

Елеулі конституциялық жаңашылдықтардың бірі – заңдарға кері күш беруге тікелей тыйым салынуы. Конституцияда қосымша міндеттер жүктейтін немесе жауаптылықты күшейтетін жаңа нормалардың олар күшіне енгенге дейін туындаған құқықтық қатынастарға қолданылмайтыны бекітілген. Мұндай тәсіл азаматтар мен бизнес үшін құқықтық айқындық пен заңнаманың болжамдылығын қамтамасыз етіп, бұрын қалыптасқан құқықтық қатынастарға жаңа талаптардың қолданылу қаупінсіз ұзақ мерзімді шешімдер қабылдауға және өз қызметін жоспарлауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл конституциялық кепілдік заң шығарушы және құқық қолдану органдары үшін нақты бағдар белгілейді: заңнамадағы кез келген өзгерістер құқықтық айқындық, әділдік және тұлғалардың құқықтық жағдайын кері күшімен нашарлатуға жол бермеу қағидаттарын сақтай отырып қабылданып, қолданылуға тиіс.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз