Нұр-Сұлтан
Қазір
31
Ертең
20
USD
425
0.00
EUR
500
0.00
RUB
5.77
0.00

Жамбыл ақыннан елге не пайда?

111

Күні кеше 13-ке толды Жамбыл. Қыз айттырып қойғанын естідік. Бір ағасы темір тұлпар сыйлапты. Бір ағасы төбесін көкке жеткізе мақтапты. Ерекше құбылысқа теңепті.

Бәрі дұрыс, мақтасын, бірақ біз баланы бұзып жатқан жоқпыз ба осы?  Оның даңқымен ол туралы дақпыртты тым асырып жібермедік пе?

Әлі бала емес пе? Ойын баласы емес пе, әлі? Қазақ “көз тиеді” деуші еді. Өзіміз түбіне жетпейік. Жоқ, жаман ойламаңыз. Мақтау мен марапаттың арты мақтаусүйгіштікке, марапатқұмарлыққа алып келетіні бар.

Ақынға мақтау не керек? Марапаттың қажеті қанша? Қателестік. Керек. Бірақ, дәл мұндай жолмен емес.

Анығында, біз Жамбылды бұзып жатырмыз. Оны мақтаусүйгіштік пен марапатқұмарлыққа үйретіп, керек десеңіз, баулап-баптап жатқан, мына біз. Өзіміз. Апыр-ау, жалыққан жоқпыз ба?

Ендеше, ертең ол қалай есейеді, одан қандай ақын шығады? Ол халықтың мұңын шаға ма, әлде жүйенің сойылын соға ма?

Біз қазіргі Жамбылдан ертеңгі сарай ақынын тәрбиелеп жатқан жоқпыз ба?

Жоқ, керек емес. Жетеді ондайлар. Ондай ақындарды тыңдағанымыз келмейді. Тойғанбыз. Мақтау мен марапаттан басы айналған және мұндай тәтті өмірге бойы үйреніп кеткен Жамбыл да ертеңгі күні алдыңғы буын ағаларының жолына түспесіне кім кепіл?

Ертең есейгесін оның өлеңдері қай бағытқа бұрылмақ? Ол шындықты айта алатындай жағдайда бола ма?

Айтпақшы, тақырыбы дөрекілеу дедік қой, ілгеріде. Иә, дөрекілеу. Мұның да себебі бар? Айтыңызшы, дәл қазіргі жағдайда жалпы  ақыннан елге не пайда? Құр сөзден қуырдақ қуырғаннан, Қазақстан қазіргі дағдарыстан шыға ма? Бәрін қойшы, сөздің қадірі қалды ма қазір?

Әрі қарайғы пікірімізді сіз бір жерден естуіңіз мүмкін. Естімеген де боларсыз. Бәрібір айтайық. Қайда қазақтың баласы? Осы 25 жылда неге бір данышпан тумадық?

Физик қайда, өнертапқыш қайда, инженер қайда? Қазақтың Джобсы неге жоқ? Цукербергі қайда? Илон Маск (кім екенін білгіңіз келсе мына сілтемеде wikipedia.org). неге шықпайды?

Елге пайда келтіретін осылар еді ғой. Жамбыл ше, одан елге не пайда? Оның атақ-даңқынан бізге не пайда?

Мәселе Жамбылда емес. Мәселе Жамбылды жазғыруда емес. Жас бала ғой. Көңіліне келмесін.  Бірақ, өз сөзім өзімдікі. 

 

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз