Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
9
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“Жалқаусыңдар!”. Сағынтаев министрлерге ұрсып тастады

Сағынтаев премьер-министрдің кеңсесіне ендігіде шешетін мәселе өз құзыретінде болса, министрліктер мен әкімдіктердің сұрақтары бар хаттарын қабылдамауға тапсырды. Сондай-ақ, ол ведомстволардың құзырындағы мәселелер бойынша премьер-министрдің және оның орынбасарларының деңгейінде жиналыс өткізуіне тыйым салды.

“Әдетте былай болады. Жиналыс өткізуді сұрайды, “Белгілі бір мәселе бойынша министрлер өзара әңгімелесті ме?” деп сұрақ қоямыз, сөйтсек, “Жоқ, сөйлеспеді” деп жауап береді. Яғни министрлер бір-бірімен әңгімелесуге ерініп, вице-премьер не премьердің деңгейінде жиналыс өткізуді үкіметтен сұрайды. Бұлай болмайды. Оның үстіне енді бізде екі ғана вице-премьер қалды. Сіздердің мәселелеріңізбен айналысатын адам жоқ, өз мәселелеріміз жеткілікті. Сондықтан өздеріңіз шешіңіздер”, – деп мәлімдеді Сағынтаев.

Еске салайық, кеше, 3 ақпанда Иманғали Тасмағамбетов премьер-министрдің орынбасары қызметінен босатылып, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті елшісі болып тағайындалған еді.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз