Өзбекстан президенті Ислам Каримов ауруханаға түсті.
Оны Өзбекстан үкіметінің ресми түрде растады деп хабарлады Би-би-си.
«Мамандардың пікірінше, толық медициналық тексеру және одан кейінгі емдеу белгілі бір уақытты қажет етеді», – делінген өзбек министрлері кабинетінің хабарламасында.
Негізінен, Каримовтың денсаулығы туралы ресми мәлімдеме жасалмайтын. Ол жайында осыған дейін шетелдік БАҚ қана хабарлаушы еді.