Қызылордада мұнай өнімдерінің шекті бағасын негізсіз көтергені үшін бірнеше кәсіпкер әкімшілік жазалауға тартылды. Бұл туралы ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
«БаттОйл-Трейд», «Диал Қызылорда», «Жалғасбеков», «Жандаулетов», «МИР-2001», «РК-Мунай» компанияларына қатысты 2014-2015 жылдары мұнай өнімдерін негізсіз шекті бағадан жоғары сату фактілері үшін 10 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар рәсімделді.
Рәсімделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына, Арал, Қармақшы аудандық соттарына қарау үшін жолданды.