Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
15
USD
449
+0.67
EUR
479
+1.25
RUB
4.79
0.00

Қызылорда облысына инвестиция салам деушілерге дайын жобалар көп

Біріншіден, Қазақстан-Ресей үкіметаралық комиссиясының «Байқоңыр» кешені бойынша төртінші отырысында «Байқоңыр» кешенінің 14 нысанын Қызылорда облысының меншігіне беру туралы шешім қабылданды. Олар – өндіріс алаңдары, дүкендер, тұрғын үйлер мен әртүрлі әлеуметтік нысандар. Нысандар қазіргі уақытта бос тұр. Оның негізінде шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған жаңа өндіріс орындарын құруға болады.

Екіншіден, облыстың барлық аудандары мен Қызылорда қаласында барлық инженерлік инфрақұрылымы дайын индустриалды аймақтар құрылды. Қызығушылық танытқандарға инфрақұрылымы дайын жер телімдерін беруге, сондай-ақ кең таралған пайдалы қазбалы кен орындарымен қамтамасыз етуге дайынбыз.

Үшіншіден, баламалы жел және күн энергиясын пайдаланудың әлеуеті өте жоғары. Облыста шуақты күндердің саны жылына 300 күнді құрайды.

Төртіншіден, аймақта инвесторлар мен кәсіпкерлерге қызмет көрсететін бірегей орталық жұмыс істейді. Онда техникалық шарттарды қоса алғанда, коммуналдық қызметтерге қосылуға және өзге де қызмет түрлерін бір жерден алуға мүмкіндік бар.

Бесіншіден, ел экономикасының тиімділігін арттыру мақсатында жекешелендіру бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Жекелеген инвесторларды тарту мақсатында мемлекеттік активтерді бәсекелестік ортаға шығарамыз»,- деді облыс әкімі.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз