Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

“Ұрды, зорлады”. Алматыда жоғалған 15 жастағы қыз басынан өткен жағдайды айтып берді

455

Бұл туралы NUR.KZ хабарлады.

23 ақпанда жоғалып кетіп, 12 күннен кейін табылған 15 жастағы Әйгерім Рысбек осы уақытқа дейін қайда болғанын айтты. Айтуынша, оны белгісіз ер адамдар зорлап, бірнеше күн бойы тас қараңғы бөлмеде күштеп ұстаған.

https://kaz.365info.kz/ony-ystap-otyrgan-eken-zhogalgan-khyz-tabyldy-305591

Әйгерім Рысбек кеше табылған кезде қалалық ІІД баспасөз хатшысы ресми пікір білдіріп, қыздың Алтын Орда маңынан табылғанын және осы уақыт бойы оның құрбыларының үйінде болғанын жеткізген болатын. Алайда Әйгерімнің өзі мұны жоққа шығарып отыр. Ол бірнеше күн бойы белгісіз ер адамдар оны зорлап, соққыға жыққанын айтуда.

“Мен Назым деген жігітпен VK желісінде таныстым. 23 күні қыздармен сабақтан шықтық.

Полежаева көшесіндегі остановкаға бардық. Қыздар кетіп қалды.

Сол жерде ана жігітпен кездесітін болдық. Бардым, кездестім, сөйлестік. Сол жақта Нұртас темір деген жер бар, сонда жеткен кезде мені сүйрей бастады.

Сол маңда жеңгем тұратын, ол мені көрді де, аң-таң болып қарап қалды. Бірақ үлгермеді. Назым мені қатты сүйреп, машинаға мінгізіп алды. Қайда барамыз деп сұрадым. Әпкеме бара жатырмын деді”, – деген Әйгерім, оны бір бөлмелі үйге апарып, ішінен құлыптап алып, зорлағанын айтады.

 

 

https://kaz.365info.kz/zhogalgan-khyzdyn-agasy-zhelide-tanyskhan-zhigit-kharyndasymmen-3-sagat-pater-zhaldagan-video-305577

“Кешкісін Саяхатқа, Мерейдің алдына әкеліп, таксиге салып жіберемін деді. Ол таксистпен ұзақ сөйлесті, ақшасын берді де, мені мінгізіп жіберді, екі жағымда екі бала отырды. Сейфуллинаға жеткен кезде бірінші Алматыға қарай бұрылып кетті. Мені күштеп кола ішкізіп жіберді. Қатты қорқып отырдым. “Аркада” деген кафе бар, соған жеткен кезде мен есімнен танып бара жатқанымды білемін,” – деген қыз екі жігіт оны қараңғы, есік-терезесі жоқ бір бөлмеге апарғанын айтады.

Қыздың айтуынша, олар оның соткасын алып, VK желісінің паролін де біліп алған.

https://kaz.365info.kz/tarazda-bir-otbasy-yz-zorlap-inap-ltirgen-balasyn-t-rmeden-t-aryp-alma-234711

Бірнеше күн бойы қара нан мен су беріп, зорлағанын айтқан қыз қанша күн өткенін де, тіпті есімді де білмеймін деп отыр.

Әйгерімнің сөзінше, олар оның қолын тілгізіп, ұзын шашын кеспек болған. Қолы тілгіленген қыз басымнан ұрғанда есімнен танып қалдым дейді.

Сонымен бірге, Әйгерімнің туыстары оны бүгін сараптамадан өткізіп, денсаулығына қатысты медициналық тексеріс жасатқан. Ағасы Жәнібек болса, бұл істі жайдан-жай қалдырмаймын деп отыр.

 

https://kaz.365info.kz/t-ary-darshy-k-jeuinen-bden-orly-k-rgen-jel-haly-tan-k-mek-s-rajdy-230868

 

Еске салсақ, Алматы қалалық ІІБ баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек:

“Тергеу амалдары аяқталды. Өткен түнде Әйгерім Рысбек Алтын Орда базарының маңынан табылды. Қазіргі таңда Жетісу АІІБ-де сұрақ-жауап алу процесі алынып жатыр. Анықталғандай, қыз бала үйінен өз еркімен кеткен.

Ол құрбыларының үйінде болған. Қазіргі таңда ата-анасынан жауап алынатын болады. Кәмелетке толмаған баласының жүріс-тұрысын қадағалау ата-анасына заңмен жүктелген”, – деп, ресми пікір білдірген болатын.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз