Қазақстан қор биржасы кеше таңертең доларды әдеттегі орташа көлемнен екі есе артық сатқан. Яғни, күніне 200 миллион доллар сататын қор биржасы кеше түске дейін 650 миллион доллар өткізген.
Байлардың бұлайша бүлінуі қарапайым халықты да елеңдетіп қойды. „Демек, доллар тағы қамбаттайды, бағалар тағы өседі„ деген сөз ғой деп елдің біразы мазасызданып үлгерді. Ал сарапшылар басқаны айтады.
сарапшылар осы факторды негізге алған спекульянттар „Түймедейді түйедей етуде„ долларды қолдан одан сайын қымбаттатуда дегенге бек сенімде.
https://kaz.365info.kz/bitip-khaldy-almatyda-bajlar-dollardy-talap-alyp-zhatyr-video-327069
РАСУЛ РЫСМАМБЕТОВ, қаржыгер:
– Биржадағылар, брокерлер, оған тапсырыс берушілер – қолындағысын кез келген ілікпен өткізгісі келетін адамдар. Сондықтан рубльдің құнсыздануы туралы жаңалық олардың оң жамбасына келе кетті. Әйтпесе қымбаттаған соң долларды ешкім алмауы тиіс негізі.
Ал сатып жатқандарға теңге неге керек? Соны ойлап көрдіңіз бе? Олар теңгені алып, долларды сатып жатыр ғой. Егер доллар тағы қымбаттайтын болса, қор биржасы оны ондай үлкен көлемде сатпас еді. Зиян шегіп қайтеді?
https://kaz.365info.kz/vat-sap-otirik-ajtpapty-khazkomdy-zhytyp-algan-halykh-banktin-khyzmeti-nasharlap-el-ashuly-video-326884
Қайта, керісінше, осындай қымбат кезде олар долларды тиімді сатып, пайдаға кеңелуде. Әрине, биржадағы у-шуды пайдаланып Үкімет те бюджетін толтырып алайын деп жатқан шығар. Долларды қымбатқа сатып, одан түскен теңгені мемлекеттік шығындарға жібереді.
Осы жағынан алғанда, доллар тағы қымбаттайды деген бос сөз. Бұл спекульянттардың туғызған уақытша дүрбелеңі деп білемін.
https://kaz.365info.kz/dollar-tagy-khymbattajdy-zhana-sanktsiya-putinnin-zhanyn-shygaryp-zhatyr-310269