Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
13
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Үйленсең, арнайы курстан өтесің”. Ажырасқандарға ашынған бас прокурор осылай деді

Сондықтан үйленемін деушілерге арналған міндетті курс болуы қажет. Мұны ерекше атап өткім келеді. Одан өтпесе, неке болмауы керек.

Мұндай тәжірибе біраз елдерде бар. Мысалы, Сауд Арабиясында, Малайзияда, Италияда, Латвияда, айта берсе, ондай тізімнің шегі жоқ”, – деді Асанов бүгін тұрмыстық зорлық-зомбылыққа арналған жиында.

Оның айтуынша, аталған курстан мектеп оқушылары мен үйленемін дейтін жастар өтуі тиіс.

Айта кетейік, өз баяндамасын толығымен мемлекеттік тілде жасаған Жақып Асанов өз өмірінен бір оқиға жайында баяндап берді. Бұдан бөлек, нақты статистиканы келтірді. Елімізде әйел адамдарға қатысты қылмыстардың саны 90 пайызға өсті. Әрбір үшінші қылмыс отбасы жағдайында болды. Өткен жылы 36 әйел және бір бала қайтыс болса, 2 481 әйел мен 851 бала зорлық-зомбылықтың құрбанына айналды. 742 әйел мен кәмелеттік жасқа толмаған 175 жас өз-өзіне қол салды.

Бас прокурордың ойынша, мектепте қажетсіз пәндердің орнына өмірге пайдалы білім беру керек.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз