Якутияның Себян-Кюель елді мекенінде қар жауды. Мұнда бүгін алты аудан түнгі -2 градус суыққа дайындалып жатыр. 1996 жылдан бері жазда Якутияда бұлай суық болып көрмепті.
Бұл туралы Ykt.ru хабарлайды.
«Онсыз да біздің жазымыз қысқа, қоңыр салқын. Әдетте, бұл уақытта 15-20 градус жылы боп тұратын. Әркез шомылатын мүмкіндік болмайтын. Ал биыл табиғат, тіпті, таң қалдырды», – деген учаскелік аурухана пациенттері.
„Суантар, Нюрбинск, Ленск, Олекминск, Горный, Хангаласскі аудандарында аяз жүріп, ауа-райы температурасы 13-шілденің түнінде – 2 градусқа дейін төмендейді. Бұл ғаламдық ауа-райы өзгерістеріне тән құбылыс. Енді қыста күн жылынып, жазда суытатын құбылыстар орын алып тұратын болды„ – дейді жергілікті синоптиктер.