Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
10
USD
422
+0.82
EUR
497
-1.77
RUB
5.53
-0.07

Вице-министр: Сирия мен Ирактағы қазақстандықтарды іздеп жатырмыз 

Тілеубердінің сөзінше, азаматтарды іздеумен Қазақстанның Иорданиядағы елшілігі және Ливандағы бас консулдығы айналысып жатыр.

Вице-министр қазірге дейін қанша қазақстандықтың табылғанын айтпады. Оның айтуы бойынша, Сирия мен Ирак биліктері “Қазақстанның біраз азаматының” террорлық іс-қимылдарға қатысы бары ықтималдығын арнайы тексеріп жатыр.

“Оларды кінәсіз екені анықталса, Қазақстан тарапына тапсырады”, – деді Тілеуберді. Ол кейбір азаматтардың балалары барын да айтты. Тілеубердінің сөзінше, ол балаларды Сирия мен Ирактан Қазақстанға жеткізу үшін ата-аналарының келісімі қажет әрі ата-аналарының өзі “арнайы тексеріс аяқталғанға дейін” сол елдерде қалуы тиіс.

Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) соңғы мәліметі бойынша, Сирия мен Иракта соғыс басталғалы Таяу Шығысқа 800-ге тарта қазақстандық кеткен. Азаттықтың ресми сауалына жолдаған жауабында ҰҚК Сирия мен Ирактағы халықаралық террорлық ұйымдарда 120 ер адам, 250-ден астам әйел және 500 бала барын айтқан.

Abai.kz

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз