Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
4
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Түркістан облысында полиция бастығы қызметтік көлігімен жол апатына түсті

Полицей автокөлігінің қатысуымен тіркелген жол апаты төртінші шілде күні түнгі уақытта Громова көшесінде орын алған. Мұнда ІІД-дегі полиция бастығына тиесілі “JAC S5” және “Nexia” маркасындағы көлік соқтығысқан. Апат кезінде жеңіл көлікте жүкті келіншек пен бірнеше жолаушы болған.

Нексия автокөлігінде болған куәгердің мәліметінше, көк түсті нөмірлі автокөлік жүргізушісі жол ережесін өрескел бұзған. Тіпті 0007 нөмірлі темір тұлпарын тізгіндеген азамат рөлде отырып ұялы телефонмен сөйлескен.

“Көлікті соғып, бірден автокөлігіндегі мемлекеттік нөмірін шешіп алды. Ал мен 0007 нөмірін бірден байқадым. Жолдағы қозғалысқа мүлдем қарамайды, қолында телефоны бар. Жан-жағына қарамай бірден Нексияны келіп соқты”, – дейді апат кезінде Nexia” көлігінде отырған жолаушы.

Куәгерлердің айтуынша, полиция көлігі ІІД басшылардың біріне тиесілі. ІІД баспасөз қызметі мәлімдеуінше, бұл жол көлік оқиғасы тіркеуге алынып, әкімшілік іс қозғалған.
Іс бойынша өзіндік қауіпсіздік басқармасы тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз