Нұр-Сұлтан
Қазір
-11
Ертең
-13
USD
524
-1.41
EUR
551
-1.85
RUB
4.93
0.00

Трамп Американың шынайы бейнесін көрсетті

320

Сурет: Delo.ua

Науқанның түрлі сәттерінде Трамп та, Байден де бұл сайлауды Американың «шына» үшін күрес деп атады. Егер солай болса, онда

Трамптың нәтижесі америкалықтарға елдің бүгінгі жағдайын көрсететін айна секілді болуы керек

Трамп жағымсыз болса да, оны жақсы көретіндер бар

Трамп 200 мыңнан астам америкалықтардың өмірін қиған COVID-19 пандемиясының қаупін төмендетті, оны қолдайтындар әлі де бар. Ол:

  • әлеуметтік толқулар кезінде Америка азаматтарына қарсы қарулы күштерді дұрыс қолданбады;
  • ақ нәсілділердің үстемдігін сынай алмады және иммигрант ата-аналар мен  балаларының арасындағы айырмашылықты қабылдай алмады;
  • нәсілшіл риториканы үнемі қолданып, мұсылмандар басым жеті елдің тұрғындарына АҚШ-қа кіруге тыйым салды.

Бірақ бұлардың ешқайсысы америкалықтардың оған деген сеніміне сызат түсіре алмаған секілді.

АҚШ-тағы сайлау: жеңімпаз да, оның геосаяси ұстанымдары да белгілі

Калифорниядағы өрттер Трамптың Париж климаттық келісімінен шығу туралы шешімінің қаншалықты дұрыс болмағанын көрсетеді. Оның ашықтығы мен баспасөзді демонизациялауды авторитарлық режимнің көрінісі деп санауға болады.

Ол демократияға сай келмейтін құндылықтарды үнемі көрсетіп отырады және оның нарциссизміне ешқандай шек жоқ сияқты. Ол баспасөз брифингтерін өзінің жеке саяси реалити-шоуының сахнасына айналдырды. Осыған қарамастан, Трампты әлі де электораттың жартысына жуығы қолдайды.

Трамп кінәлі емес

Америкалықтардың көпшілігі Трамптың демократияға қауіпті екенін түсінеді. Ол 2016 жылы жалпыхалықтық дауыс беруде жеңіліс тапты және  2020-да дәл осындай нәтиже көрсетті.

Яғни, сайлаушылардың көпшілігі Американы «ұлы» етуге деген ұмтылысы әйелдерге, иммигранттарға, түрлі-түсті адамдарға, кедейлер мен жұмысшы табына ауыр тиетінін түсінеді. Дегенмен, Трампты қолдаған адамдардың көптігі  Американың «шын бейнесін» көрсетеді.

Бизнесті көлеңкеден шығару үшін әділ жағдай жасау керек — Рустам Жүрсінов

Трамптың нәсілшіл риторикасы жаңа немесе ерекше емес. Ол миллиондаған салықтан жалтарған жалғыз миллиардер емес. Ақ батыс еуропалықтарға қарағанда түрлі-түсті иммигранттарға әрқашан төменірек жағдай жасалды. Осыны ескере отырып, тарихшылар демократиялық дәстүрлердің эрозиясы туралы жазған кезде Трампқа сілтеме жасамайды. Бұған Трамп кінәлі емес, ол өткен саясаткерлер мен қоғамдағы құндылықтар мен тәжірибелердің өнімі.

Осы құндылықтарға сәйкес, ол түн ортасында өзінің жеңісін жариялады. Бұл саяси және құқықтық тәртіпсіздіктерді тудыруы мүмкін еді. Бұған дейін ол президентке орнын бейбіт жолмен бермейтінін айтып,  «сайлау нәтижелері жалған» деп айыптады.

Бұндай демократияға сай емес мәлімдемелер, да оны қолдаушылар да бізді таң қалдырмауы керек. Өйткені, ол 2016 жылы:

«Мен 5-ші даңғылдың ортасында тұрып, біреуді атсам да сайлаушыларды жоғалтпас едім» деп айтқан адам

Америка оның бұл сөзінің дұрыстығын дәлелдеді.

Америка — Трамп  емес, бірақ Трамп — Американың жартысы

Егер бұл сайлау Американың «жанына» қатысты болса, онда Дональд Трампты қызметінен босату үшін дауыс беру жеткіліксіз болады. Мұндай

америкалықтардың қолдауы халықтың жартысының сенімі және саяси тәжірибесі туралы ойлануға мәжбүр етеді

Байденге көрсетілген қолдау Американың Трамп емес екенін дәлелдейді. Бірақ Трамп әлі күнге дейін Американың жанының маңызды бөлігін құрайды. Бұл бөлікке қарсы тұру ұлттық нәсілшілдікке, ксенофобияға және классизмге қарсы тұруды білдіреді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз