Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
18
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Бизнесті көлеңкеден шығару үшін әділ жағдай жасау керек — Рустам Жүрсінов

122

Оның пікірінше, мемлекет жариялаған ережелермен жұмыс істеу мүмкін емес болғанда бизнес көлеңкелі әрекеттерге барады.  Бірақ бұл ережелерді бұзғандар алақол кәсіпкердің санатына жатқызылады. Сондықтан бизнеске бейресми түрде ақша табу оңайырақ және тиімдірек

— Көлеңкелі экономика — бұл қылмыс емес, қоғамның әлеуметтік экономикалық құрылымдары мен экономикалық қатынастарының бүкіл жүйесін қамтитын күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс.

Көлеңкелі экономика ең алдымен мемлекеттік реттеу болмаған жағдайда дамиды.

Басқаша айтқанда, бұл мемлекеттік реттеудің нашарлағының нәтижесі. Мысалы, бір кезедері Францияда терезелерге салық енгізді. Ел азаматтары бұдан кейін олардың  саны мен мөлшерін азайта бастады. Бірақ санитарлық жағдай ушығып, азаматтардың денсаулығына әсер етті. Нәтижесінде салықтың бұл түрі мемлекетке жақсы ештеңе әкелмеді.

Бизнесті дамыту үшін жақсы жағдай жасау қажет, — деп атап өтті Рустам Жүрсінов.

Қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды бақылау көмектесе ме?

Қаржы министрлігі 2021 жылы көлеңкелі экономиканың деңгейін ЭЫДҰ елдерінің деңгейіне дейін төмендету мақсатында (ЖІӨ-ге қатысты 15-17%)   2019-2021 жылдарға арналған іс-шара жоспарын бекітті. Атап айтқанда, қолма-қол ақшасыз айналымдар үлесін ұлғайту, салық-кеден саясатын жетілдіру және салалық және бақылау шараларын күшейту ұсынылады.

— Бүгінде сомасы айлық есептік көрсеткіштің мың еселенген мөлшерінен (2,778 млн теңге) асатын мәмілелердің төлемі тек  қолма-қол ақшасыз тәртіппен жүзеге асырылады.

Қаржы министрлігінің ақпараты бойынша, қазіргі уақытта банктердің шектеуіне сәйкес кәсіпкерлер өзінің корпоративтік карточкасына төлемді қабылдай алмайды. Сондай-ақ,

салық кодексінің талабына сәйкес картаға аударылған қаражаттың  БКМ онлайн-чектерін міндетті түрде ұсыну керек

Сондықтан бұл мәселені шешу қажет.

Неліктен kaspi gold аударма жүйесінің аналогын жасамасқа? Сонда кәсіпкерлер өздерінің корпоративті карталарын/мобильді қосымшаларын пайдалана алар еді. Бұл POS-терминалдарға салынатын  комиссия секілді қаржылық жүктемені алып тастауға мүмкіндік береді, ол 2-4% құрайды.

Сарапшының пікірінше, қолма-қол ақшасыз экономиканы дамыту көлеңкелі сектордың үлесін төмендетеді. Бұл жеке тұлғаларға да қатысты, өйткені көпшілігі жеке кәсіпкерлер. Ал жасырын схемалардың басым көрпшілігі ЖК қызметімен байланысты. Бірақ бұл жерде бизнес пен халыққа қиындық туғызбау үшін осындай шектеулердің ережелері мен шектері түсінікті болуы тиіс.

Бизнес не дейді?

«Қазақстандағы тәуелсіз автобизнес одағы» заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер бірлестігі басқармасының төрағасы Берік Заиров елімізде бизнесті дамыту үшін күрделі және қымбат бағдарламаларды енгізудің қажеті жоқ, олардың алмастыратын қарапайым шешімдер жетерлік дейді.

— Мысалы, бүгінде кәсіпкерлерге танымал банк қосымшасын пайдалануға тыйым салынады. Нәтижесінде, олар алдымен осы қосымшаның көмегімен ақшаны шешіп алып, кейін кассаға салып, фискалдық чек шығарып, клиентке береді. Ұзаққа созылатын процесс.

АҚШ-тағы сайлаудың нәтижесі қандай болса да, Қытай мен Ресейге қарсы соғысты тоқтатпайды

Егер кәсіпкерлерге осы қосымшаны пайдалануға немесе ұқсас корпоративті құруға рұқсат етілсе, онда бұл төлемдердің барлығы заңды бағытқа өтеді. Оның үстіне ЖК салықтан үш жылға босатылды.

Мен ШОБ дамыту комитетінің мүшесімін. Ол наурыз айынан бастап, пандемия басталғаннан бері белсенді жұмыс істеді. Біз ұсыныстар дайындадық, қаржы және экономика министрліктерімен, ҰКП-мен Zoom-да конференция өткіздік. Барлық ұсынысымызды «Атамекен» ҰКП-ға, үкіметке жібердік.

Бірақ 20-дан тек екеуі қабылданды. Әлі күнге дейін ең қарапайым шешімдер қабылданған жоқ. Неліктен? Біз білмейміз.

«Қазақстанның Тікелей Сатылымдар Қауымдастығы» ЗТБ атқарушы директоры Анастасия Калашникова да әріптесінің пікірімен келіседі:

— Кәсіпкерлердің жұмысын жеңілдетсек,  бүкіл бизнес заңды түрде жұмыс істей бастайды. Кәсіпкерлер салықтан жалтаруды ойламайды, оларға бизнесін сақтау маңызды. Бірақ қолданыстағы салық режимі бұған жол бермейді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз