Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
10
USD
422
+0.82
EUR
497
-1.77
RUB
5.53
-0.07

Тоқтар Төлешов билікті күшпен басып алуға дайындық жасаған – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті

Тохтар Төлешов

Тоқтар Төлешов

– Бізде Тоқтар Төлешовтың өткен жылдың желтоқсан айында жер реформасына қарсы Атырау, Алматы, Орал, Қызылорда, Астана қалаларындағы шерулерді қаржыландырғаны жөнінде мәлімет бар, – деді Карасев.

Карасаевтың айтуынша, қарсылық наразылығы бұдан сәл бұрын болуы керек болған. Алайда, Төлешовтың ұсталғанына байланысты шараны ұйымдастырушылар мерзімді өзгерткен. Олардың бірталайы құрықталды.

– Олардың қатарында ҚР Бас прокурорының бұрынғы бірінші орынбасары, ҚР Конституциялық Кеңесінің бұрынғы мүшесі, екінші сыныпты Әділет кеңесшісі Ілияс Бақтыбаев, Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің бұрынғы басшысы, генерал-майор Хибратулла Досқалиев, Оңтүстік Қазақстан облысы ІІД бастығының бұрынғы бірінші орынбасары,  полиция полковнигі Сәкен Айтбеков, ҚР Қорғаныс министрлігі «Оңтүстік» аймақтық басшылығының №35748 және №55652 әскери бөлімдерінің командирлері, полковниктер Бекзат Жұмин және Қайрат Пернебаев бар, – деді ҰҚК-нің өкілі.

Төлешов жоспарын орындау мақсатында құқық қорғау органдарындағы қазіргі және бұрынғы лауазымды тұлғалар арасында өз жақтастарын іздеген. ҰҚК қызметкерлері Төлешовтың жоспарын іске асырмаққа пайдаланбақ болған қарулары мен жарылғыш заттарын тапты.

Бұған дейін Төлешовтың арнайы операция кезінде ұсталғанын, оның меншігіндегі  – Шымкент сыра зауыты сатуға қойылғанын туралы хабарлағанбыз.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз