Нұр-Сұлтан
Қазір
16
Ертең
15
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Ташкентте Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті басталды

Самитте 11 құжатқа қол қойылады. Саммит қорытындысы бойынша негізгі құжат Ташкент ШЫҰ-ның 15-жылдығының декларациясы болады. Онда ШЫҰ даму перспективасының амалдары, мүшелердің ағымдағы халықаралық, өңірлік жағдайы, қауіпсіздіктің өзекті мәселелерін шешу бойынша ұстанымын талқылау көзделген.

ШЫҰ-ға Ресей, Қытай, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан кіреді. Беларусь, Моңғолия, Үндістан, Иран, Пәкістан мен Ауғанстанға бақылаушы мәртебесі берілген. 2015 жылы ШЫҰ-ға Үндістан мен Пәкістанды ұйымға қабылдау рәсімі басталады. Ұйымға Өзбекстан төрағалық етеді.

Самитте Еуразиялық экономикалық одақ және Жібек жолы экономикалық белдеуі желісі интергация мәселелері де қаралмақ.

Ташкент саммитінде Иранның ШЫҰ-ға кіру туралы өтініші қаралатын болады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз