Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
11
USD
449
+0.67
EUR
479
+1.25
RUB
4.79
0.00

Ташкент халқы көшбасшысы Ислам Кәрімовпен қоштасты (видео)

Еске сала кетсек, ел билігі Өзбекстан басшысының қайтыс болғанын ресми кеше хабарлаған еді. Ислам Кәрімовты бүгін Самарканд қаласына жерлейді. Бұл қаладағы зираттардың бірінде оның екі ағасы мен анасы жерленген.

Бүгін таңертең Ташкенттің басты көшелерінде көлік қозғалысы тоқтатылды. Сондай-ақ, қалада пойыздардың жүру кестесі де өзгертілген.

Әлеуметтік желіде Мурад Назаров атты пайдаланушы осы жерден ұялы телефонына түсірілген видео жариялады. Онда мемлекет басшысының денесін Самарқанд қаласына алып ұшатын ұшаққа алып бара жатқан көліктер кортежін күтіп алған мыңдаған өзбекстандықтарды көруге болады.

Сондай-ақ бүгін Ислам Кәрімовтің сырқаты мен қазасын тіркеген медициналық құжат Өзбекстан үкіметінің порталында жария етілді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз