Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
2
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Кәрімовтың сырқаты мен қазасын тіркеген медициналық құжат жария болды

Қан қысымы сынап бағанасы бойынша 250/120 болды. Жүрек соғысы тоқтап қалды. 20 минут ішінде жасалған реанимациялық шаралар жүрек соғысын қалпына келтіруге мүмкіндік берді. Осыдан кейін науқаста атониялық естен тану болып, ми бағанының қызметіне қысым түсіру тіркелді. Сол себепті ол жасанды жолмен тыныс беру құрылғысына ауыстырылды», – делінген хабарламада.

Тамыздың 27-інен 28-іне қараған түні науқасты шет елдердің білікті нейрохирург, кардиолог және реаниматологтары қарап, кеңес берді. Олар: академик Л.А.Бокерия – А.Н.Бакулев атындағы жүрек-қан тамыры хирургиясы ғылыми орталығының директоры (Ресей); академик А.А.Потапов – Н.Н.Бурденко атындағы нейрохирургия ғылыми орталығының директоры (Ресей); профессор Амир Сами (А.Samii) – Ганновер интернационалдық нейрохирургия институтының вице-президенті және атқарушы директоры (Германия), профессор Джилли Дрейфус (G.Dreyvus) – Кардиоторакалдық орталықтың директоры (Монако), профессор Хьюго Катус (H.Katus) – Хейдельбергтің университет жанындағы клиниканың кардиология бөлімінің басшысы (Германия), профессор Юка Хернисниеми (Y.Hernesniemi) – Хельсинки университетінің Орталық ауруханасының нейрохиругия бөлімінің профессоры (Финляндия).

2016 жылдың 2 қыркүйегі күні жасалған шараларға қарамастан 20:15-те жүрек қызметі тоқтады. Қарқынды реанимациялық шаралар нәтиже бермеді және 20:55-те науқастың биологиялық өлімі тіркелді».

Еске сала кетейік, Ислам Кәрімов 3 қыркүйек күні Самарқанда жерленеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз