Нұр-Сұлтан
Қазір
25
Ертең
16
USD
425
0.00
EUR
500
0.00
RUB
5.77
0.00

Тараз терминаторы, Алматының сұр мергені. Лаңкестерді идол жасап жүрген кім?

112

Саясаттанушы бұл туралы Facebook-тегі жеке парақшасында жазды.

“Бүгін Тараздағы қайғылы оқиғаға 5 жыл болады. 2011 жылдың 12-қарашасында біз алғаш рет терроризм қауіп-қатерімен бетпе-бет келдік. Ол күндері осындай жайттың біздің де елде орын алатынын көріп, естіп жағамызды ұстап, қатты шошыдық. Бірақ сонымен қатар біздің тыныштығымыз бен қауіпсіздігіміз үшін өз жанын пида етуге әзір азаматтарымыздың барын да білдік.

Басқа адамдарды аман алып қалу үшін жарылғыш гранатаны денесімен саналы түрде жауып, ерлік танытқан капитан Ғазиз Байтасов мәңгі жадымызда. 5 ай бұрын Ақтөбедегі теракт кезінде майор Даниэль Майлыбаев қылмыскерлердің жолын кес-кестеп, төсін оққа тосты. Бір айдан соң Алматыда полиция старшинасы Аян Ғалиев кісі өлтірушіні ауыздықтауда өзін құрбан етті” деп жазады Қарин.

Ол осы қаһармандарын ел сирек еске алатынына өкініш білдірді.

Есесіне көбірек бейбіт адамдарды қырғысы келетіндердің, кісі өлтіруші қылмыскерлердің қылығы мен биографиясы туралы көп айтылады.

Оған қоса қанды қолдарға романтикалық ат беріп қоямыз, мысалы Тараз терминаторы немесе Алматының сұр мергені деген секілді.

– Содан кейін қазіргі жастар еліктейтін идеал, реал жоқ деп дауласамыз.

Идеалдарды ойдан шығарып, іздестірудің қажеті жоқ. Өзінің ар-ожданымен міндетін жақсы атқарғандарды дұрыстап еске алуды, олардың туған-туыстарын қолдап, құрмет көрсетуді үйренсек болды. Сондықтан біз осындай маңызды даталы күнді ұмытпай, өзіміздің нағыз қаһармандарымызды еске алып тұралық, оларды ұмытпасақ деймін, – дейді саясаттанушы.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз