Таяу күндері Тамара Асар сахна үстінде басынан өткен ауыр жайтты баяндады. Әнші сахнада шалынып құлаған видеосын жариялап, өзіне көмекке келген әріптесі Мейрамбек Бесбаевқа алғысын жаудырды. Алайда бір топ желі оқырмандары әншіні адам алалағаны үшін айыптап шыққан.
Видеода Тамара Асар оның қолынан бас тартқандай көрінгенімен, шын мәнінде өнер иесі оған жете алмапты. Сондықтан сахнаға “ұшып шыққан” Мейрамбектің көмегін қабыл алған.
«Оқыстан…». Сахнада сүрініп кеткен Тамара Асар өздігінен тұра алмай қалды (видео)
“Неге фотографқа қолын бермеді? Келді ғой жанына жүгіріп, құлап бара жатса да адам таңдай ма?”, “Фотограф қолын созып барғанда оның қолын алмады. Бұл деген енді кісілік, өліп бара жатқан жағдайда алар еді, бұл да пиар шығар”, – деген сынды пікірлер Тамараның көңіліне қаяу түсірді.
Шыдамаған әнші көптің көңіліне күдік ұялатқан жағдайды былай деп түсіндірді:
“Менің сүйікті көрерменім, фотограф менің досым Ардақ, оның созған қолы маған жете алмады, арқалаған фотоаппаратымен сахнаға “мінемін” дегенше көзіме сафиттер жарқырап шағылысып, оң жағымнан қарғып мінген жігіттің Мейрамбек екенін сосын таныдым.
«Жата береді…». Отандық әнші күйеуін қатты жамандап тастады (видео)
Тас түскен жеріне ауыр. Жүрегімді ауыртпаңыздаршы. Мені “қайсар” деп атаған өздеріңіз, шындыққа салса, мен жаны нәзік, жүрегі жұқа, көздің жасын адам жоқ жерде төгіп алатын, “бөрі арығын білдірмес, сыртқа қарнын қампайтар”, “мені аяңыздаршы” дейтін мүсәпірліктен аулақ өсіп келе жатқан өр қазақтың қызымын”.