Отандық әнші Анель Арынова неліктен күйеуінен ажырасып кеткенін мәлім етті. “Кешью” тобының бұрынғы әншісі “Ойбай-Life” бағдарламасында бұрынғы жарымен неліктен отбасы болып кете алмағандарын түсіндірді.
“Мен күйеуімнің әлі күнге есеймегенін түсіндім. Ол баланың, отбасының жауапкершілігін, қадірін түсінбеді.
Күніне үш мезгіл тамақ дайындап оны күтемін. Алайда ол тамақтанбайды. Үнемі ұйықтап жата береді.
Кешкі асты атып тұрып, он минутта ішеді де жұмысқа жүгіреді.
Түнде кафеде ән орындап келіп: “Достарым күтіп тұр, 15 минутта келемін” деп жүгіріп, жоқ боп кетеді.
«Мен бар ғой…». Илья Ильин елдің көңілін босататын жазба жариялады
Алайда оны таңға дейін күтемін. Ол кісі жоқ.
Оның үстіне ойын ойнайтын. Мені осы істің бәрі шаршатты”,
– деп ағынан жарылды Анель Арынова.
Айта кетейік, осыған дейін Анель Арынова әкесінің қиын жағдайға тап болғанын еске алып, көзіне жас алған болатын.
Фонограммамен ән салудан бас тартқан Әуелбекова конкурста жеңіліп қалды