Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Талғат Ермегияев 14 жылға бас бостандығынан айырылды

Сонымен қатар оған материалдық жауапкершілігі жоғары мемлекеттік лауазымды иеленуге өмір бойына тыйым салынды және одан “Парасат” ордені қайтарып алынады деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қылмыстық іске төрағалық еткен судья Әділxан Шайxисламов бүгін «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ермегияевке қатысты сот үкімін жария етті.

«Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясының бұрынғы басшысына ҚР ҚК-нің 176-бабының 4-бөлігіндегі «б» тармақшасымен қарастырылған ауыр қылмыстарды бірнеше рет қасақана жасады деген күдік келтірілген еді.

Талғат Ермегияев 2015 жылдың 12-маусымынан бері үйқамақта болған. Айыптаушы келтірген дерек бойынша, жымқырылған қаражат көлемі 10,2 миллиард теңгені құрап отыр. Онымен бірге 22 адам сот алдында жауап берді. Олардың негізгі бөлігі компания қызметкерлері болған. Қылмыстық іс 540 томға жетіп отыр.

Сот барысында 12 айыпталушы тергеумен келісімге келген. 14 айыпталушы өз кінәларын мойнына алды. Ермегияевтің өзі кінәні мойындаудан бас тартты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз