Түркиядағы бүлік салдарынан соңғы мәлімет бойынша қаза тапқан адамдар саны 260-тан асты. Олардың 104-і бүлікші және қалғаны –полицейлер мен бейбіт тұрғындар. Тағы 1500-ге жуығы жараланған.
Бұл туралы 24.kz арнасы хабарлайды.
Ыстамбұлда бүліктен кейінгі алғашқы түн ешқандай жанжалсыз өтті.
Полицейлердің айтуынша, қалада бірде-бір құқықбұзушылық тіркелмеген. Түні бойы көшеде Президент Режеп Тайып Ердоғанның жақтастары көліктер мен мотоциклдерге мініп, үкіметті қолдайтын ұрандар айтты. Әсіресе, Таксим алаңында адам көп. Таңға қарай бүлікшілер полицияға беріле бастады.
Тәртіп сақшылары қарулы төңкеріс жасауға әрекеттенген 3 мыңға жуық күдіктіні қамауға алды. Олардың арасында жоғары шенді әскерилер бар.