Универсиада ойындарында ерлер арасында мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан намысын Денис Тен мен Абзал Рахымғалиев қорғады.
Денис Тен 266.97 ұпай жинап, Универсиада алтынын олжалады. Ал Абзал 12-орынға табан тіреді. ІІ-орынды жапондық Кэйдзи Танака (252.09 ұпай) еншіледі. Ал қоланы Александр Майоров (246.56) қанжығалады.