Ағасы мен қарындасының орындауындағы «Жаңбырлы түн» әні интернетті жарды.
Айбек Серікханов есімді студент пен қарындасы Алуаның орындауындағы «Жаңбырлы түн» әні көпшіліктің көңілінен шықты.
Орындаушылардың бірі — Айбек Серікханов Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының студенті. Инстаграмдағы парақшасына 27 мыңнан астам адам жазылған. Жас әнші әлеуметтік желіге бірнеше әнін жүктепті. Соңғы уақытта қарындасы Алуамен бірге шырқаған әндерін де жүктеген.